Лого.png

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің А.Шотаев  атындағы Боровской  мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Мектептегі тамақтану

Previous Next

Халықаралық денсаулық апталығы аясында А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Әлеуметтік педагогпен бірлесіп «Пайдалы таңғы ас» челленджі ұйымдастырылып, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналары арасында тамақтану мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді.  Жасөспірімдермен дұрыс тамақтану қағидалары туралы әңгімелер өткізіліп, қорытындысында «Денсаулық және құқық сағаты» ұйымдастырылды.


Мендіқара ауданы білім бөлімінің «А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ-де бракераж комиссиясы мүшелерінің қатысуымен мектеп асханасына кезекті тексеру жүргізілді. Комиссия құрамында мектеп директоры Ерменова Д.Т., медицина қызметкері Бакыт А.Ж., әлеуметтік педагог Корнева Т.С., ата-аналар комитетінің төрайымы Нурабаева Г.П. және ата-аналар қоғамының төрайымы Тельгарина А.Б. болды. Тамақтану сапасын бақылау және санитарлық нормалардың сақталуы – басты назарда, өйткені балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі бәрінен жоғары.


Записаться на прием