Лого.png

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің А.Шотаев  атындағы Боровской  мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ресми интернет-ресурс

Кітапхана

 

1111

«Не істеріңді білмесең – кітапханаға бар»

Дж.Роулинг.

Ахметқазы Шотаев атындағы мектеп-гимназиясның кітапханасы - мектептің құрылымдық бөлімшесі ретінде ақпараттық, мәдени және білім беру қызметтерін жүзеге асыра отырып, оқіөтэрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Кітапхананың міндеттері:

  • мектеп-гимназиядағы оқу үдерісін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы қолдау;
  • жүйелі оқуға баулу арқылы ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына жақындату;
  • оқушылардың зияткерлік, ақпараттық мәдениетін, сондай-ақ кітапхананы өздігінен пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • кітапхана үдерустерін компьютерлендіру арқылы қолайлы кітапхана ортасын қалыптастыру.

Бүгінгі біздің кітапхана - бұл:

 

8888.jpg

 

Өз жұмысында біздің мектеп кітапханасы кітап қорын есепке алуды және оқырмандарға қызмет көрсетуді автоматтандыруға арналған «ОТАН МЕКТЕП BOOKS» бағдарламалық кешенін қолданады. Бағдарламалық кешеннің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, негізгі қордың электрондық каталогы жасалып, оқырмандарды электронды түрде қызмет көрсету жүзеге асырылуда.
Кітапханада «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сәйкес рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, құқықтық, еңбек және экологиялық тәрбие бағыттары бойынша материалдар жинақталған.
 

10.jpg


 

Жобаның жүзеге асуы

1.jpg

2025 жылғы қыркүйекте Қостанай облысында оқу мәдениетін насихаттау және зияткерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» атты мәдени-ағартушылық жоба басталдыБоровской мектеп-гимназиясының педагогтары, оқушылары және ата-аналары осы ауқымды жобаның белсенді қатысушыларына айналды.Жобаны жүзеге асырудағы ұйымдастырушылардың бірі – мектеп кітапханасы. Жоба қатысушылары үшін кіреберісте оқу аймағы жасалған, онда жобаның ұсынымдық тізімдері және кітапхана қорында бар кітаптар жинақталған. Кітапханашы Аношина С.Н. жинаған мобильді кітапхана мектеп кітапханасының қорында жоқ кітаптардың электрондық нұсқаларын ұсынады.

9.jpg

 

«Оқырман шеңбері» Клубы

 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы»  және «Кітап оқитын ұлт» жобаларын жүзеге асыру аясында алтыншы сынып оқушылары үшін кітапханада «Оқырман шеңбері» клубы жұмыс істейді.
Ұраны – «Бірге оқимыз. Негізгісін талқылаймыз» – кітаппен қарым-қатынастың негізгі бағытын көрсетеді. Клубтағы кездесулер әр сәрсенбі сайын сағат 11:30-да өтеді.

123456.jpg

 

Записаться на прием