11 СЕНТЯБРЯ 2025 ГОД
Меңдіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жас сайлаушылар клубымен бірлесіп, А.Шотаев мектеп-гимназиясының өзін-өзі басқару органының өкілдерімен кездесу ұйымтастырып, өткізді. Кездесуде аумақтық сайлау комиссиясы өзін-өзі басқару органы сайлау және алдағы мектеп Президентін сайлау мәселесі бойынша мастер-класс өткізді. Оқушылар электоралдық компанияға дайындақ барысы туралы айтып, қонақтармен пікір алмасты, өздерін қызықтырған сұрақтарды талдады.
17 октября 2025 год
2025 жылдың 17 қазанында А.Чутаев атындағы Боровская мектеп-гимназиясында мектеп парламентінің президентін сайлау өтті.
14 ноября 2025 год.
«Қаржылық брейн-ринг» зияткерлік ойыны. 15 қарашада мектеп парламенті 3-сынып оқушылары арасында қызықты интеллектуалды ойын өткізді. Оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, қаржылық сауаттылыққа қызығушылықтарын көрсетті. Ойын ынтымақтастық, белсенділік және оқу әрекеті жағдайында өтті.
11 декабря 2025 год.
2025 жылдың 11 желтоқсанында аға кеңесші А.Р. Митеева 5-6-сынып оқушылары арасында экологиялық санаға, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған «Эко-Шытырман оқиға» атты интеллектуалды ойын өткізді. Шара барысында оқушылар тапсырмаларды орындап, экологиялық сұрақтарға жауап беріп, ойын арқылы экологиялық мәселелерді шешті. Ойын оқушылардың танымдық қызығушылығын, топтық жұмыс дағдыларын, қоршаған ортаны қорғауға деген құлшынысын арттырды. Іс-шара белсенді және достық жағдайда өтіп, қатысушылар жоғары деңгейде белсенділік танытты.
«Заң және тәртіп» айлық акциясы аясында аға тәлімгер және мектеп парламенті 2026 жылдың 23 қаңтарында алтыншы сынып оқушыларымен іс-шара өткізді. Оқушылар белсенді түрде өз пікірлерін білдірді, дүниетанымдарымен бөлісті, заңдардың қалай жұмыс істейтінін, әр баланың қандай құқықтары бар екенін білді.
2026 жылдың 13 ақпанында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша плакаттар мен буклеттер байқауы өтті. Қатысушылар өздерінің алаңдаушылығын көрсетіп, салауатты өмір салты үшін маңызды ұстанымдарын білдірді.
17 ақпан 2026 ж. 8 «А» сынып оқушыларымен вандализмнің алдын алу шарасы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар вандализмнің салдары мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін бейнелейтін интерактивті суреттер жасады.





